Прагада өтетін теннис турниріне көрермен жіберілетіні жайында Olympic.kz хабарлады.
«Жарыста әуелі көрермен саны аз болады. Одан кейін уақыт өте жарысты тамашалайтын көрермен санын өсіріп отырамыз», - деді ұйымдастырушылар.Чехия үкіметі 8 маусымнан бастап 500 адамдық іс-шараларды өткізуге рұқсат берді. Енді Прагада жоспарланған теннистен өтетін турнирге көрермендер де жіберіледі.