Тұрғындарға – сапалы газ

Тұрғындарға – сапалы газ

Аталған қаулы мен аудан әкімі, филиал төрағасы Ұ.Сәдібековтің №20 «Жаңақоғам» АГТС-ын (Автоматты газ тарату стансасы) халық игілігіне пай­далануға беру жөніндегі тапсыр­масының жүзеге асу барысына партиялық бақылау жұмысы жүргізілді. Бақылау Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық басқармасы басшы­сының орын­басары Ә.Әбдіқа­ды­ров, Түркістан өндірістік филиалы «КазТрансГаз» АҚ директорының бірінші орынбасары Е.Болат­бекұлы, Шымкент өндірістік филиалы «ИнтерГаз» АҚ бас ин­женері А.Ерғалиұлы, магистральды газ құбырлар жөніндегі бас ин­женер Б.Иманғалиев, аудан әкі­мінің орынбасары Б.Олжаевтың, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Нұрлыбаевтың және аудандық партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен жүр­гізілді. Басты мақсат – Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округіндегі №20 «Жаңақоғам» АГТС-ын іске қосып, ауданымыздағы ішкі квар­талдық газ құбырлары жүргізілген 12 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамту. Іс-шара барысында табиғи газбен 25 450 тұрғынды қамту жоспарланып отыр. Бақылау жұмыстарының қоры­тындысы бойынша №20 «Жаңа­қоғам» АГТС-ы алдағы 10 күн ішінде халық игілігіне пайда­лануға беріліп, 12 ауылға газ тара­тылып, ауданды табиғи газбен қамту дең­гейі 74 пайызды құрай­тын болады. Ендігі кезекте ауыл тұрғындарының табиғи газға қосылу бойынша құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын ширату қажеттілігі іске асқалы жатыр. Мониторинг жұмыстары Қазығұрт ауданында да өткізілді. Оған облыстық партиялық бақы­лау комиссиясының мүшесі А.Сали­мов, аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, жо­лаушылар көлігі және автомо­биль жолдары бөлімі басшысы Б.Құрал­баев, «Nur Otan» партиясы Қа­зығұрт аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, партиялық бақылау комиссияның төрағасы С.Сең­гірбаев қатысты. Олар тексеріс кезінде бірқатар кемшілікті анық­тады. «Қақпақ» АГТС-ін үлкен магистральды газ құбырына қосу үшін қажетті қаржыны қа­рас­­­тырып, жергілікті тұрғын­дардың газ мәселесін шешуді тапсырды.  

Әбілмансұр ЖАСАН