Тұрақтылық ұстынын атады

Тұрақтылық ұстынын атады

Болгария – Балқан айма­ғын­дағы Қазақстанның маңызды әріп­тесі екенін баса айтқан па­ла­та спикері екіжақты қарым-қаты­настың барлық саласы бойын­ша елдеріміз арасында ын­тымақтастықтың жолға қойыл­ғанын атап өтті.

Парламентаралық өзара әрекеттестік тақырыбын тілге тиек еткен Нұрлан Нығматулин 23-24 қыркүйекте, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серік­тестік» тақырыбында өтетін Еуропа мен Азия елдері парла­мент­тері төрағаларының IV кеңесіне Болгарияның Ұлт­тық жиналысының төрағасы баста­ған парламенттік делега­ция­­сының қатысуы «қазақ-болгар қарым-қатынастарының жоғары деңге­йін паш етеріне» сенім білдірді.

Өз кезегінде Болгария елшісі Васил Петков Қазақстанды Ор­талық Азиядағы тұрақтан­дыру­шы фактор ретінде атады. Со­нымен қатар дипломат екі­жақ­ты қа­рым-қатынастарды дос­тық пен өзара тиімді серік­тес­тік ауа­нында одан ары дамы­тудың зор әлеуетіне назар ау­дарт­ты.

В.Петковтың айтуынша, Болга­рия ары қарай да Қазақ­станның халықаралық бастама­ла­рына қолдау көрсететін бо­лады.