"Бекжан" базарында тағы өрт (видео)

"Бекжан" базарында тағы өрт (видео)

Бүгін сағат 15:13 шамасында Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Бекжан» базарының алдындағы автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектерінен өрт шыққан. [embed]https://youtu.be/qkAw00rIQ6w[/embed] Тілсіз жауды ауыздықтауға Шымкент қаласындағы ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 техникасы жұмылдырылған. Бұл туралы қалалық баспасөз қызметі хабарлады. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 15:40 шамасында сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Естеріңізде болса, бұрынырақта болған "Бекжан" базарында болған үлкен өрт салдарынан сауда орны енді еңсе тіктеп келе жатқан еді. Н. Назарбек.