«Ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Биыл бұл мақсаттарға 5,8 млрд теңге бөлінді», – деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар 237 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оларға жәрдемақы төлеуге жыл сайын 45 млрд теңге бөлінеді.
«Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасы бойынша біз мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірлесе отырып, «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» жол картасының жобасын әзірледік», – деді Б.Сапарбаев.