Елордада күн сайын бір отбасының екі және одан да көп мүшесінен коронавирус анықталады - Қисықова

Елордада күн сайын бір отбасының екі және одан да көп мүшесінен коронавирус анықталады - Қисықова

Коронавирустың таралуының басты ошағы отбасы болып отыр. Жаңа оқиғалардың көбеюі отбасылық індет ошақтарының үлесіне келеді. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

"Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады, бұл отбасылық ошақтар, күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының екі немесе кейде 5-7 мүшелерінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелері өткізу кезінде індет жұқтырғандар байқалды, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Кейбір адамдардың санитарлық нормаларды сақтамаған жауапсыз әрекеттері кішкентай балалар, қарттар мен жүкті әйелдері бар отбасының барлық мүшелерінің жұқтыруына әкеліп соғады. Тіпті Covid-19 диагнозымен түскен жүкті әйелдің сәбиі де Covid-19-пен туған кездері болды. Балаларды аналарынан бөлек ұстауға тура келді. Кейбір адамдар өз денсаулығын күтпесе де, жақындарын ойлалуы тиіс. Тәжірибе созылмалы ауруы жоқ, дені сау адамның өзі коронавирустан жатып қалуы мүмкін екенін көрсетіп отыр, ағза инфекциямен күресе алмаған соң жасанды желдеру аппаратына қосуға тура келді. Ешбір жағдайда өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды", – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Оның айтуынша, барлық инфекция жұқтырғандардың 75 пайызы 18 бен 59 жас аралығындағы топқа келеді. Сондықтан Қисықова санитарлық нормаларды қатаң сақтау керегін атап өтті: аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармау, қоғамдық орындарда маска киіп, арақашықтық сақтап және антисептик пайдалану керек. Коронавирус жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ дейді.