Шымкенттегі мейрамханалар қай кезден бастап істейтін болғаны белгілі болды

Шымкенттегі мейрамханалар қай кезден бастап істейтін болғаны белгілі болды

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында тойхана, мейрамханалардың мәселесі талқыланды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаевтың қатысуымен өтті. – Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан карантиндік режим аяқталғанша тойханалардың қызметін бастауға рұқсат берілмейді. Егер 22 маусымнан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, тойханаларды ашуға байланысты жеңілдіктерді қарастырамыз, – деді қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр.