Жеке тұлғалардың 1 сәуірге дейінгі салықтағы қарызы кешіріледі

Жеке тұлғалардың 1 сәуірге дейінгі салықтағы қарызы кешіріледі

Қазақстан жеке тұлғалар үшін жаңа салық амнистиясын жасамақ. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Салық кодексіне көзделіп отырған өзгерістер мен толықтыруларды таныстырған Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Альберт Рау мәлім етті. Альберт Рау хабарлағандай, 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, жеке тұлғалар салығының негізгі сомасына қосылған пайызды кешіру көзделіп отыр.

«Амнистияға іліну үшін олар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін жер, мүлік және көлік салығының негізгі сомасын түгел төлеуі керек», - дейді Рау.
Сондай-ақ, заң жобасы еліміздегі компанияларға салық жеңілдігін ұсынып, сол арқылы отандық бизнестің дамуына серпін бермек. Мәжіліс заң жобасын екі оқылымда да бірден мақұлдады.