Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынбақшы

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салынбақшы

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, - деп хабарлайды Рrimeminister.kz . Қазіргі уақытта ҒЗИ 5 зертхана базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндірді, оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі). Осы жылы ауруға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 миллион дозасына дейін өндіру көзделген. Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.