Іс-шараны Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы жыл сайын өткізеді.
Конференцияда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов еңбек өнімділігін ұлттық экономиканың өсуінің негізгі драйвері екенін атап өтті. Индустрияландыру жылдарында өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірудің өсу қарқыны 1,4 есе өсті.
Вице-министр Аманияз Ержановтың айтуынша, үшінші бесжылдықта өнімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіп дамиды. Бұл 2025 жылы еңбек өнімділігін 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мақсатқа жету үшін тиімді экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды тікелей қолдау, бизнес ортаны жақсарту, жеке секторды нығайту, сапалы өнеркәсіптік және сандық инфрақұрылымды дамыту, жаңа капитал сыйымды және ғылыми сыйымды өндірістер құру, индустриалды-инновациялық қызметті қолдау жүйесінің тиімділігін арттыруды ұсынды.
Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров индустрияландырудың әзірленетін үшінші бағдарлама аясында компанияларға қандай қолдау жасалатынын айтты.
– Табысты бәсекелестік үшін тұтыну тауарларын топтамалық өндіруге ынталандыру қажет. Болашағы зор жобалардағы ресурстарды шоғырландыру мақсатында мемлекеттік қолдау ұсыну кезінде өтініш берушіден кәсіпорындарды іріктеудің конкурстық қағидатына өту іске асырылады. Кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру керек. Бұл мемлекеттік ресурстарды теріс ниетте пайдалануға, мемлекеттік қолдаудың және кейінгі мониторингтің тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Әлішер Әбдіқадыров.
Конференцияда Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің бас ғылыми қызметкері Андрей Белов еңбек өнімділігін дамыту жайында ойымен бөлісті.
– Жапонияда ағылшынша деректер жинақталған SME Agency, JapanProductivityCenter, JETRO екілді базалар көп. Жапония «Кайдзен» жүйесін кеңінен қолданады. Барлық компания осы әдісті қолдану арқылы жетістікке жетеді, – деді Андрей Белов.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастық арасында диалог алаңын ұйымдастыру, еңбек өнімділігі мен бәсекелестікті арттыру мәселесін талқылады.