Түркіні біріктірген Ұлы дала

Түркіні біріктірген Ұлы дала

Форумға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орын­­басары Жансейіт Түйме­баев, Білім және ғылым минис­трі Асхат Аймағамбетов, Моң­ғолияның тұңғыш президенті Цунсалмаагийн Очирбат, Әзір­байжан Республикасының тұң­ғыш премьер-министрі Гасан Га­санов, Қырғызстан прези­ден­­ті­нің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қыр­ғызстан жоғарғы ке­­ңесінің тұңғыш төрағасы Ме­­детхан Ше­рімқұлов қатыс­ты. Сонымен бір­ге, жиынға әлем­нің 21 елінен 250-ге жуық та­нымал ғалымдар мен белгілі мемлекет және қоғам қайрат­кер­лері келді.

Халықаралық жиынның сал­танатты ашылу рәсімінде Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқыл­ды. Хатта Ұлы дала Еура­зияны емен жайлаған халықтар­дың тарихи шежіресіне куә екені және бұл кеңістіктің шығыс пен батыс өркениетін біріктіріп жат­қаны айтылған. Жаңа идеялар мен тың тұжырымдардың пайда болып, әрдайым жаңарып тұруы Ұлы даладағы жаһандану үрді­сіне оң ықпал етті делінген. Со­нымен қатар Қырғызстан пре­зиденті Сооронбай Жээн­бе­ков те форумға деген ықыласын хатқа түсіріпті. Түркі халқының қалыптасу кезеңі түрлі этаптан тұратынын айта келе, форум қатысушыларын біріктірер тұсты көрсетіпті. Түркі жұртын тек тусыстық қатынас емес, ғы­лыми жаңалық ашу, иннова­ция­лық өнім өндіру, идея алмасу, актуалды мәселелердің шешу жо­лын табу сияқты өзекті мә­селе байланыстыру керегін жазған.

Халықаралық Түркі акаде­мия­сы президенті Дархан Қы­дырәлі гуманитарлық форум осымен 4 рет өткізілгенін, Ел­басының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы жиынның арқауы екенін айтты. Сондықтан түркі әлемінің генезисі, түркі әлемінің адамзат дамуына қос­қан үлесі жайы талқыға түсетінін жеткізді. Сонымен қатар фо­румда атаулы дата ескерусіз қалмайтынын алға тартты. Биыл Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіне» 950 жыл, Едіге дас­та­ны­на 600 жыл, Насимиге 650 жыл толғанын негізге алды. Парижде ЮНЕСКО штаб пәтерінде Ел­басы мақаласы төңірегінде жиын өткенін, форум аталған бас­қосудың мәдени жалғасы екенін атады. Нұр-Сұлтан қала­сының түркология орталығына айналып келе жатқанына қуана­тынын айтты.

Форумның басты міндеті – шетелдік және отандық түрколог ғалымдар арасында әлемдік түркітану ғылымының қазіргі жағдайына, жетістіктеріне, проб­лемалары мен дамуына талдау жасау. Ұлы дала мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызын талқылау. Сон-дай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» ма­қаласы негізінде тұжырымдалған стратегиялық мақсат шеңберінде түркі әлемі мәдени құнды­лық­тарына мән беру көзделді.

Елбасы мақаласына әлем назар аударғаны форумнан байқалады. Себебі, алыс-жақын шетел газеттері Елбасы мақа­ласы жайында ой бөліскен. Мы­салы, Түркияның Vatan газеті Түркістанның облыс орталы­ғына айналғаны түркі жұрты үшін қуантарлық жағдай екенін жазған. Түркістанның күллі түркінің рухани орталығы екенін атап көрсеткен.

Жиынның ашылу салтана­тында Моңғолия тұңғыш пре­зи­денті Пунсалмаагийн Очир­батқа, Әзірбайжан Республи­касы тұңғыш премьер-министрі Гасан Гасановқа, Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің тұңғыш тө­рағасы Медетхан Шерімқұловқа, антрополог, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлға Халықаралық Түркі академиясының алтын медалі табыс етілді.

– Түркі әлемінен құрметті қонақтар, меймандар келіп отыр. Форумның бағдарлама­сы­на көз жүгіртсеңіз, мәсе­ле­лерге мән берілгенін байқайсыз. Ел­басы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында бірнеше мәселе көтерді. Форум мақала шең­бе­рінде өтіп жатыр. Пре­зидентіміз құттықтау сөзінде форум Түркі­тану ғылымының дамуына үлес қосатынын айт­ты. Бұл форум­ның деңге­йін көр­сетеді. Түркі әлемі жаңа­лығын жария ететін форум жалға­сын табатынына сене­мін. «Архив – 2025» бағ­дар­ламасы бізді Түркі акаде­мия­сымен біріктіреді. Сондықтан алдағы міндет­те­ме­лер бойынша жұмыс істейміз, – дейді Білім және ғылым министрі.

Министр мән бергеніндей, форум 6 тақырыптық секцияға бөлінген. Олар: «Түркі мемле­кеттілігінің қалыптасуы мен даму тарихы», «Ұлы дала өрке­ниеті және әлемдік мәдениетке қосқан үлесі», «Түркі әлемінің әдебиеті мен фольклорта­нуын­дағы өзекті мәселелері», «Түркі әлемінің этномәдени ерекше­ліктері», «Қазіргі түркітану: жа­ңа көзқарастар мен тәсілдер» және «Еуразиядағы интегра­ция­лық үрдістер: кеңістік пен уа­қыттың көкжиектері». Әр сек­ция тақырыбы барынша талқыға түсіп, мәселенің шешімін табу көзделді.

Елбасы мақаласына әлем назар аударғаны форумнан байқалады. Себебі, алыс-жақын шетел газеттері Елбасы мақа­ласы жайында ой бөліскен. Мы­салы, Түркияның Vatan газеті Түркістанның облыс орталы­ғына айналғаны түркі жұрты үшін қуантарлық жағдай екенін жазған. Түркістанның күллі түркінің рухани орталығы екенін атап көрсеткен. Сондай-ақ Түр­кі халықтарының мәдени күн­дерін ұйымдастыруды қолға алу­ды ұсынған. «Евразия Экс­перт» Еуразия аймағының ана­ли­тикалық басылымы мен ре­сейлік REGNUM ақпараттық агенттігі Ұлы дала құндылығын сақтау мақсатында ұсынылған жобалар жайында жазған.

Форум жұмысының қоры­тын­дысы бойынша нақты мін­деттемелер бекітілді. Қазақстан және түркітілдес мемлекеттердің қоғамдық санасын жаңғыртудың өзекті бағыттары бойынша зерт­теу форматын белгілеу жайы айтылды. Қазіргі түркі әлеміне қа­тысты зерттеу аймағын кеңей­ту, дамыту, сондай-ақ түркология және әлеуметтік ғылымдардың өзара ықпалын жетілдіру мәсе­лесі де жиында сөз болды. Әлем­нің түркітануға деген объективті көзқарасын қалыптастыру жайы талқыланды. Өзара түсіністік пен конструктивті ынтымақ­тастықты нығайтуға ғылымның интеграциялық әлеуетін байқау жайы қамтылды.

 

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ