Түркияда жер сілкінісінен 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды

Түркияда жер сілкінісінен 1 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды

Түркияның шығысында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр Бингель қаласынан 55 км жерде орналасқан, деп хабарлайды РИА Новости.

«Жер сілкінісінен бірнеше ауылда үйлер құлап, бір адам қаза тапты. Түркияның Төтенше жағдайлар комитеті оқиға орнына 550 шатыр орналастырды. Жер сілкінісінен 18 адам зардап шекті. Олардың ішінде жағдайы ауыр ешкім жоқ», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр.