Басты міндет – мүгедектердің, сау адамдардың өмір сүру жағдайына мүмкіндігін барынша арттыру. Шымкент қаласында 35 592 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Оның ішінде, 15 234 азамат тірек-қимыл аппараты бұзылған және қоларбаның көмегімен жүріп-тұрады. Осы азаматтарды тасымалдайтын 33 әлеуметтік такси және 18 дана инватакси бар. Қала көшелерінің 80 қиылысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап бағдаршамдарға дыбыс құрылғылары орнатылған.
Шымкент қалалық партия филиалы қоғамдық көлік қызметтерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімдігі мен сапасын бақылау бойынша мониторинг жүргізді.
Шымкентте қоғамдық жолаушылар тасымалдау саласында 27 көлік компаниясы 79 бағытта 1 123 көлікпен жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Мониторинг жұмыстары барысында қалалық қоғамдық көліктің 60 пайызының пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан көліктер, олармен мүгедектерді тасымалдауға ыңғайсыз.
Маусымда қала әкімі, партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдрахымовтың тапсырмасына орай, мүгедектерге қолайлы жағдай жасауға қажетті құрылғылар, яғни мүгедек арбаларын көтеріп, түсіруге арналған механикалық құрылғысы бар отандық 1 600 автобус ең маңызды бағыттарға қойылды. Сондай-ақ автобус іші электронды табло және жолаушыларға хабарландыру жасау үшін микрофондармен жабдықталған. Жыл соңына дейін қалалық қоғамдық көлік паркін толығымен жаңғырту, мүгедектерді тасымалдауға толығымен ыңғайластыру жоспарланған.
Партиялықтар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу бойынша мемлекеттік мекемелерде және қаланың әлеуметтік маңызы бар ғимараттарында стандартты пандустар екенін орнатып, тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Оған қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері белсенді атсалысып отыр.
Партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегеновтің айтуынша, партия филиалдары қала инфрақұрылымының қолжетімді екенін тексеру үшін рейд жүргізеді. Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар баратын 981 әлеуметтік нысан анықталды. Бұл нысандардың 767-сі бейімделуге жатады, оның ішінде 248-і – мемлекеттік, 469-ы – жекеменшік нысандар.