Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап SOS мобильді қосымшасын құрастырған. Мақсат – жаңа техникаларды қолдануды жеңілдету. Смартфонның мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға жағдай жасау. Зағип жандар жаңа мобильді қосымша арқылы көптеген цифрлы қызметті үйден шықпай-ақ пайдалана алады. Саңырау адамдар қажетті ақпараттарды қиналмай-ақ ала алады. ІТ технологиялар байқауын аймақтарда өткізудегі мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың проблемасын бірлесіп шешу. Күнделікті өмірде жиі кездесетін кедергілер мен қоғамдық орындардағы қолайсыздықтарды жою. SOS мобильді қосымшасының ерекшелігі – бір нүктемен бір мезетте бірнеше қызметті қатар атқарады. Зағиптар шұғыл көмек керек болған жағдайда бір нүктені бір-ақ рет басып, шұғыл көмек сұрай алады. Мобильді қосымшаны жүктеу кезінде жеке мәліметтер бір-ақ рет енгізіледі. Орталық мәліметтер базасында сақталады. Шұғыл көмек керек болғанда, аяқасты ауырып қалған жағдайда тез арада көмек көрсетуге, науқас жайында мәліметті білуге мүмкіндік береді. GPS модуль арқылы мекенжайды лезде тауып алады