Алматыда коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі жастар - Надыров

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі жастар - Надыров

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров коронавирус жұқтырған алматылықтардың көпшілігі жастар екенін айтты. Оның айтуынша, науқастардың 35%-ы – 20-29 жас аралығындағы жастар. Науқастардың жас ерекшелігі төмендегідей болып отыр:

14 жасқа дейінгі балалар - 5,10% 15-19 жас - 4,70% 20-29 жас - 35,20% 30-39 жас - 19,10% 40-49 жас - 14,60% 50-59 жас - 12,70% 60 жастан жоғары - 8,80%
Надыровтың айтуныша, виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасының мониторингіне 2986 адам қатысқан. Осы аптада қалада зертханалар қалпына келтіріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тест санын күніне 10 мыңға дейін екі есеге арттыру жоспарлануда.
«Жалпы, Алматыда 573 ИВЛ (өкпені жасанды желдету) құрылғысы бар. Жедел медициналық көмек үшін тағы 18 ИВЛ мен 20 портативті желдеткіш жеткізіледі деп күтілуде. Әзірге 107  өкпені жасанды желдету құрылғысы бар», - деді Надыров.
Қазіргі уақытта уақытша  провизорлық орындар 90%-ға, инфекциялық орындар  95%-ға толған. Қосымша орын ашу мәселесі пысықталуда.