Көкшетау мен Степногор қалалары карантинге жабылады

Көкшетау мен Степногор қалалары карантинге жабылады

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Осы құжатқа сай Көкшетау мен Степногор қалаларында карантиндік шектеулер күшейтіледі. Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның қаулысында сәйкес, 2020 жылғы маусымның 24-і сағат 00:00 бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусым сағат 00:00 бастап осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады. Барлық автокөліктер мен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіруге және шығуына тиым салынады, транзиттік жүк автокөліктері және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерді есепке алмағанда. Сонымен бірге, Көкшетау мен Степногор қалаларында кешкі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына тиым салынады. Бұдан бөлек, аталмыш қала тұрғындарына маска тағу және бір реттік перчатка қолданып, қолды антисептикпен жууға кеңес беріледі. Жасы 65-тен асқандарға өзін өзі оқшаулау режимін сақтау ұсынылады.