Әкімдік қызметкері блокпостта пара алғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Әкімдік қызметкері блокпостта пара алғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Қылмыстық істің деректері бойынша, қалалық әкімдіктің бас маманы төтенше жағдай режимі кезінде жедел штабтың мүшесі бола тұра, карантиндік блокпосттардан өту анықтамасын сатумен айналысқан, – деп жазады 24.kz. Ол рұқсат қағазы үшін 50 мың теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сот оған айыпұл салып, мемлекеттік қызметтен шеттетті.

Қалалық соттың судьясы Михаил Гусев: «Сот кінәлінің өкінгенін ескеріп, парадан 60 есе көп, яғни 3 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», – деді.