Ақтау іргесіндегі ауылды аралап жүрген арыстан қайдан келді?

Ақтау іргесіндегі ауылды аралап жүрген арыстан қайдан келді?

Полиция қызметкерлері Ақтау қаласының маңынан арыстанды ұстап алғанын хабарланған еді. 102 пультіне Ақшүкір кентінде жортып жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, 25 маусымда, яғни бүгін сағат таңғы 05.30 шамасында жергілікті халықтан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында: «Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды ұстады. Қазіргі уақытта арыстан «Қошқар Ата» елдімекенінде бақылауда», – деп жазды.
Арыстанның жасы шамамен бір-бір жарым жаста, түріне қарағанда қолға үйретілген арыстан болуы мүмкін. Адамнан қорықпайды.
«Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген. Оның иесін анықтап, құжаттар тексерілгеннен кейін арыстанның жайы ары қарай не болатыны шешіледі», – деді Сәкен Ділдахмет.
https://youtu.be/d02RxUYBUzY