Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара ауданына жұмыс сапарымен барды.
Жиын барысында аудан әкімі Ерлан Теменовтің 2019 жылдың 5 айының қорытындысы және Съезде белгіленген жалпыұлттық «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы баяндамасын тыңдады. Ауданның 5 ай ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері едәуір өскен. Жалпы, өңірде өнім өндіру 6,3 миллиард теңгеге жетті. Өңір басшысы сапар барысында орталық аудандық аурухана ғимаратын аралап көрді.
Сонымен қатар соңғы 3 жылда мұнда 100 миллион теңгеден астам сомаға медициналық жабдықтар сатып алынды. Өңірде осы бағдарлама бойынша туберкулезді емдейтін санаторийге баратын жолды орташа жөндеу жоспарланып отыр. Жолдың ұзындығы – 3,6 шақырым. Биыл Меңдіқара ауданының автомобиль жолдарына жөндеу жүргізуге бюджеттен 1,1 миллиард теңге бөлінген.
Сондай-ақ Боровское және Первомайское ауылдарындағы су құбырын қайта жүргізу барысымен танысты. Ауданның 82 пайызын қамтитын 77,5 шақырым құбыр тартылған. 1470 құдық қазылған. Аймақтың әкімі Ерлан Теменовке ауылдарды сапалы ауызсумен 1 қыркүйекке дейін уақытында қамтуды тапсырды.
Облыс басшысы ауызсу мәселесімен қатар қоқыс полигондарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мәселесіне қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.