Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясы қатысқан Қырғызстанда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» атты министрлер конференциясы мен Словакиядағы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми Кеңесі жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру қажет екенін айтты.Кездесу барысында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сыртқы саяси іс-шаралар кестесі қарастырылды.