Партияның кезекті XVIII съезінде Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған төрт әлеуметтік жобаны анықтап, партия мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берген болатын. Бүгінде еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасы бойынша өңірлерде ауқымды жұмыстар басталып кетті.
Іс-шараны жүзеге асыру аясында Nur Otan партиясы Бостандық аудандық филиалында Фархат Мейрамұлының басшылығымен құрылған комиссия мүшелері аудандық әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу бойынша бірнеше нысанды аралап қайтты.
Атап айтқанда, Алматы қаласындағы Манас көшесінің жаяу жүргінші зоналарының күрделі жөндеу жұмыстары тексерілді. Мұнда тұрғындардың бос уақыттарын ұйымдастыру үшін, қосымша учаскені құру мақсатында, жүзеге асырылатын жоба, жаяу жүргіншілер зоналарының кеңейтілуі, серуендеуге арналған алаңдардың көбеюі, жолдардың сапалы жабындысы, орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің орнатылуы және жарықтандыруы бойынша кешенді жұмыстар қамтылған. Әсіресе, серуендеу алаңының көгалдандыруына ерекше назар аударылды. Ағаштардың, жасыл желектер мен жасыл қоршауларын отырғызу және оларды суару жоспарланған.
Айта кетейік, «Құтты мекен» партиялық жобасы 7,5 млн ауыл тұрғынының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол үшін республикалық бюджеттен 3 жылға 90 миллиард теңге қарастырылды. Бұл қаржыға Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан және Шымкент шаһарына қосылған елдімекендердің түйткілді мәселелерін шешу көзделіп отыр.
Тексеріс барысында жаяу жүргіншілер зонасының сапалы көріктендіруін қамтамасыз ету мақсатында, комиссия мүшелерінің тарапынан түрлі ұсыныс айтылды.