Астана күніне жоспарланған іс-шаралардың барлығы онлайн режимде өтеді

Астана күніне жоспарланған іс-шаралардың барлығы онлайн режимде өтеді

Бұған дейін Елорда күніне жоспарланған іс-шаралардың барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады. Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар, үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.