Түркістанға Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Қаратаев іссапармен келді. Ол қалалық аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, мекеменің емделушілерімен әңгімелесті.
Орталық жетекшісінің сөзінше, мекеме заманауи техникамен жабдықталған және емхананың тұрғындарға қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Депутат қызметкерлердің жұмысымен танысып, дәрігерлерге және емделушілерге алғыс білдірді.
Әңгіме барысында денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы көтерілгені туралы айтылды.
– Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, соның ішінде медициналық мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артты. Бұл медицина қызметкерлері үшін жақсы жаңалық болды. Ақ халатты абзал жандардың әрқашан еңбегі еленіп, қызметі бағалана бергей, – деді Фахриддин Қаратаев.
Өз кезегінде аурухана өкілдері жалақының жоғарылағаны туралы жаңалықты қуана қабылдады және бұл олардың кәсіби дамуы мен жалпы медицина дамуына зор ынталандыру болатынын жеткізді.
Содан кейін Ф.Әбдінабиұлы Түркістан облысы Ішкі істер департаментінің ғимаратына барып, оған жаңа облыс орталығында құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жобалар туралы айтты. Оның сөзінше, Түркістан алдағы уақытта қауіпсіз қалаға айналады екен. Бұл үшін тарихи астананың аумағында интеллектуалды бейнебақылау камераларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.