Бүгін ауа райы күрт құбылмалы болады

Бүгін ауа райы күрт құбылмалы болады

Кей жерлерде күн күркіреп, жауын жауса, солтүстік өңірде және орталықта күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, елдің тек батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі. Ақмола облысында жел күшейіп, бұршақ жауып, желдің күші секундына 15-20 м/қа жетеді. Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15/20 метрге жетеді. Түнде және таң ата Қостанай облысында тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде күшті жел тұрып, тұман түседі. Қарағанды облысының бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да жоғары болады. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар. Жамбыл облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз және таңсәріде облыстың оңтүстік батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болады. Түркістан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20-ге, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді. Қызылорда облысында да жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында күн күркіреп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облысының кей жерлерінде және Ақтөбе облысының оңтүстік, Атырау облысының батысында ыстық болады.