Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті мен облыстық полиция департаментінің жол полициясы қызметкерлері Қырғызстаннан құжатсыз тауар алып келіп жатқан көліктерді кері қайтарды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған құрылым қызметкерлері 17 шілде күні Жамбыл облысының Мерке ауданы Андас батыр ауылында жүк тиелген үш «Mercedes-Benz» (Қырғыз Республикасының тіркеу нөмірімен) автокөлікті тоқтатады. Тексеру кезінде көліктердің Бішкек қаласынан мемлекеттік шекараны «Сыпатай батыр» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткені және 28 800 банкі «Gorilla» алкогольсіз сусынын тауарға ілеспе құжаттарынсыз алып келе жатқаны анықталған.
Бұл факт бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, көліктерді Қазақстан аумағынан өз еліне кері қайтарды.