Төрешілердің екеуі 115-112 есебімен жеңісті Пакьяоға берген Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо америкалық Кит Турманды жеңіп, WBA Super тұжырымы бойынша титулдың иегері атанды. Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен кездесудің бірінші раундында-ақ Пакьяо қарсыласынан мығым екенін танытып үлгерді. Турманды төпелей соққылаған 40 жастағы боксшы оны ногдаунға түсіріп тынды. Алайда бұдан соң жас әрі қарымды Турман қарсыласының біржола күш алып кетуіне мүмкіндік берген жоқ. Өліспей беріспейтінін танытып, тіпті жетінші раундта басымдыққа да ие болды. Осыдан соң алма-кезек соққылар өрбіп, қос боксшы да жеңістен дәмелі екенін байқатты. 10 және 11 раундта Турман филиппиндіктің ауыр соққыларынан қашып құтылғандай болды. Басымдыққа ие екеніне қарамастан Пакьяо қарсыласын нокаутқа түсіре алған жоқ. Төрешілердің екеуі 115-112 есебімен жеңісті Пакьяоға берсе, біреуі 114-113 есебімен Турманды жақтаған. https://youtu.be/YBD2qoES-0g