Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектордың артында төрт баласы қалды.
Қаныш Нұртазинов 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылының тұрғыны. 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі, үш қызы және 2011 жылы туған ұлы қалды.
Жарақат алған екінші инспектор Самат Оспановқа Державинск аудандық ауруханасында ота жасап жатыр.