Әлемнің 25 елінде домбыра фестивалі ұйымдастырылды (видео)

Әлемнің 25 елінде домбыра фестивалі ұйымдастырылды (видео)

Ұлттық домбыра күні бүкіл әлемде ұлықталды. Әлемнің 25 елінде тұратын қандастарымыз 36 қаланың орталығында қазақтың күйін күмбірлетіп, бейнебаян түсірді. Қос ішекті аспабымыздың үні - Сібір мен Жерорта теңізі аралығында, Күншығыс елінен Америкаға дейін асқақтады.

Аталған іс-шараны QazAlliance ұйымдастырды. Оған осы елдерде өмір сүретін және білім алып жатқан қандастарымыз қатысты. Игі істің басы-қасында жүргендер шетелдегі қазақтарды ұлттық құндылық пен төл өнерімізге баулуды көздейді.
[embed]https://youtu.be/8yIqEofmUJU[/embed] Жоба аясында Димаш Құдайбергенге арналған «Димаш Байжұма» атты күйдің тұсаукесері өтті. Туындының авторы  - Ресейдің Алтай Республикасының тұрғыны Жанайдар Нұрсалиев.
 – Халықаралық домбыра фестивалін жылда тойланатын мерекеге айналдыруды көздейміз. Мәселен, келер жылдың дәл осы күні әлемнің ең ірі қалаларының орталықтарында отандастарымызбен бас қосып, ұлттық рухымызды көтеріп, түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз,   – дейді бейнебаян режиссері Тимур Сырымдатұлы.