Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтың отбасына көмек көрсетілетінін Twitter-дегі парақшасында жазды.
– Қорықшы Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қ.Нұртазиновтың отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын! – деп жазды.
Президент қорықшылардың құқығын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту үшін заңнаманы қайта қарау керегін айтты қажеттігін айтты.