Елбасын Николя Саркози құттықтады

Елбасын Николя Саркози құттықтады

Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүрек­тен құттық­тап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызме­тіне табыс тіледі. Францияның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасты жоғары баға­лайтынын және екі ел арасындағы ынтымақ­тастықты белсенді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алатынын айтты. Елбасы Николя Саркозиге шынайы құттықтауы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, 2008 жылы Парижде тараптар қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы келісімнің ерекше маңыздылығына назар аударды. Телефон арқылы сөйлесуге Франция жағы баста­машы болды.