Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген

Үкімет резервінен коронавируспен күреске 66 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов хабарлады. «Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның айтуынша, 575 млрд теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған. «Сондай-ақ, коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінді», - деді Берік Шолпанқұлов.