Иорданияның Амман қаласында таэквондодан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың екінші күнінде кадеттер жеті медаль жеңіп алды.
Қазақстандықтар екі күміс және бес қола жүлдеге қол жеткізген. Айдана Сүндетбай мен Тамир Қуатова финалда есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Мария Севостьянова, Назым Махмұтова, Темірлан Тілеулес, Бекарыс Бекенов және Тұрсын Ислам үздік үштікке еніп, қола медаль иеленді.