Футболдан Қазақстан премьер-лигасында трансферлік терезе жабылды. Бұл туралы кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында жария етті. Бұл – маусымдағы екінші трансферлік кезең.
Жазғы трансфер терезесі 26 маусымда ашылып, 26 шілдеге қараған түні жабылды. Командалардағы ауыс-түйіс жағдайы төмендегідей:
«Астана» сапынан Данил Подымский, «Ертіс» қатарынан Рейнальдо Силва, Александр Заруцкий, Руслан Мингазов, Мадияр Рамазанов және қақпашылар бапкері Вячечлав Котляр кетті. «Қайрат» Самат Сәрсеновпен, Ян Вороговскиймен, «Қайсар» Кларенс Битангпен қош айтысты. Бұл ретте Янның бельгиялық «Беерсхот» клубына ауысып барғанын да айта кету керек.
Көкшелік «Оқжетпес» қатарында Миллер Родерик пен Бобко Ивандар карьерасын басқа клубта жалғастыратын болды. Ал талай таланттарды түлетіп ұшырған «Тараз» клубы Павел Шабалин, Самат Сәрсенов, Александр Симчевич сияқты ойыншыларды өз қатарына қосты. Еуропа лигасындағы өрескел жеңілістен кейін «Тобылдың» бас бапкері Владими Газзаев те отставкаға кеткен еді. Сонымен қатар оның көмекшілері Николай Латыш пен Андрей Мирошниченко да қызметтен кетті.
«Астана» өз қатарын исландиялық Рунар Сигурйонссон және конголық Фирмин Мубелемен күшейтсе, «Қайрат» Еркебұлан Сейдахметті сатып алды.