"Реалдың" еншісінде бұған дейін бір жеңіс пен бір жеңіліс бар еді
Халықаралық чемпиондар кубогында кездескен мадридтік қос клуб «Атлетико» мен «Реал» арасындағы кездесу 7:3 есебімен Диего Симеоне командасының жеңісімен аяқталды.
Бірінші таймның өзінде корольдік клубтың қақпасына бес гол соғылды. Жеңімпаз команда сапында Диего Коста покер жасаса, Жоау Феликс, Анхель Корреа және Витололар бір-бір голдан соқты.
Ал Зидан командасынан Хосе Начо, Кәрім Бензема, Де Ла Фуэнтелер мергендігімен танылды.
Осы турнир аясында бұған дейін «Атлетико» мексикалық «Гвадалахараны» жеңсе, «Реал» алдымен «Бавариядан» жеңіліп (1:3), артынша лондондық «Арсеналды» пенальти сериясында (3:2) жеңген болатын.
https://youtu.be/rcMj1USeZAM