Ұлттық музей ұжымы #Birge#TazaQazaqstan акциясына белсенді атсалысты.
Музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымымен бірге Есіл өзені бойындағы айналма жолдың жағасында өткен сенбілікке қатысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау ғана емес, қоғамда рухани байланыс орнататын «Бірге – Таза Қазақстан» акциясын қуана қолдайды.
Ұлттық музейі директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Адамдар өз үйін, қаланы, елді қоқыстан тазартып, ортақ жұмыс атқарған кезде олар бірігеді. Біздің елімізде осындай шаралар Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылатын. Мұндай акциялар артық болмайтыны анық. Акцияның бастамашыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі шараға отбасым – әйелім және үш баламмен келдім. Ұлттық музей қызметкерлеріне көп рақмет. Жексенбіге қарамастан, олар сенбілікке белсенді қатысып жатыр. Менің ойымша, бұл акция жалғасуы керек. Сонда Қазақстан күшті, рухани бай, болашағы зор мемлекетке айналады», – деді.
Аталған акция Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинау үшін ұйымдастырылған бұл шара мемлекеттік органдардың да, қоғамдық ұйымдардың да, еріктілердің де, елорда тұрғындары тарапынан да қолдау тапқан еді.