Бұдан былай электронды денсаулық паспортына донорлық туралы арнайы баған енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Емханаға тіркелерде сіздің қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісіміңіз сұралады. Егер бас тартсаңыз, жауабыңыз электронды құжатта көрсетіледі. Электронды денсаулық паспортында донорлық туралы арнайы баған болады. Жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі. Ал адамдар емханаға арнайы келіп, донорлықтан бас тартатынын тіркетуі тиіс. Ұзақ уақытқа сақтап қою үшін қағаз құжат та міндетті түрде қажет. Бірақ, марқұмның туыстары дау шығарады. Бұл жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Әрине, бұл шаруа – біздің менталитет, дәстүр, психология үшін оңай емес. Бірақ жұмыс істеу қажет», – деді.