Түркістан облысында 132 медқызметкер коронавирус жұқтырған

Түркістан облысында 132 медқызметкер коронавирус жұқтырған

Түркістан облысында 132 дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның бесеуі пневмония дертінен көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.

«Облыста бүгінгі таңда 17 мыңнан астам медициналық қызметкер бар. Солардың 132-сі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың 24-і емделіп шықса, 5 дәрігеріміз пневмония дертінен көз жұмды. Қайтыс болған дәрігерлердің отбасына әкімшілік тарапынан өтемақы төленеді. Біз оларға қолдан келгенше көмектесеміз», - деді Шөкеев.
Әкім баяндамасында дәрігерлердің үстемақысына жергілікті бюджеттен 2 млрд 867 мың теңгеден астам қаражат төленгенін атап өтті. Бүгінгі таңда өңірде 5421 адамға пневмония диагнозы қойылған, аталған дерттен 2933 науқас емделіп шықса, 46 адам көз жұмған.