Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ

Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ

–  Толық қолдаймын. Бұл Парламент қабырғасында да айтылған болатын. Тыңдайтын құлақ болмады. Өкінішке қарай, көптеген отандасымыз дер кезінде нақты дәрігерлік көмек алмағандықтан, тиісті дәрі-дәрмек жетпеген соң өмірден озды. Бүкіл билік олардың алдында кінәліміз деп санаймын. Әлі де болса он мыңдаған адамға көмек қажет. Олар қатты қиналуда. Барлық күшімізді солардың өмірін сақтап қалуға жұмсайық. Үкімет абаттандыруға, жол салуға, т.б. қатысты шығындарды қысқартып, оның орнына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуы керек. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ.  

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты