Жарты жылдан бері пәтерінің кілтін ала алмай жүрген тұрғындар жаңа баспанаға қоныстанды

Жарты жылдан бері пәтерінің кілтін ала алмай жүрген тұрғындар жаңа баспанаға қоныстанды

Шымкентте тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мәселесі шешіле бастады, – деп хабарлайды AstanaTV. Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындардың алды жаңа пәтерге қолы жетіп, қоныстанып жатыр. Басыбайлы баспаналы болғандардың бірі – Айман Серікқалиқызы. Ол пәтерін он жыл күткен. Келісімшарт бойынша ол желтоқсан айында баспаналы болуы тиіс еді. Алайда, Айман Серікқалиқызының пәтері жастарға беріліп кеткен. Айман сияқты 176 салымшы ақпарат құралдарынан көмек сұраған. Тұрғын Айман Серікқалиқызы: «Алты ай болды пәтерді ала алмай жүргенімізге. Енді сол шешімін тауып, әкімге барып едік, әкім біздің уәде берді үшінші шілде күні қолдарыңызға кілт аласыздар деп, сол уақытында біздерге кілтін берді. Өте қуаныштымыз», – дейді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бір апта бұрын жиналған жұртқа шаһар басшысы, баспана жақын арада беріледі, деп уәде берген. Сөйтіп, жарты жылға созылған пәтер жыры, бір аптаға толмай оң шешімін тапты.