Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер пневмониядан қайтыс болды – Алматы облысы

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер пневмониядан қайтыс болды – Алматы облысы

Қаралы хабарды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел растады. «Бүгін Қайрат Қажыманұлынан айырылып қалдық. Диагнозы – пневмония», – деді Ғ.Жүкел. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов марқұмның жақындарына көңіл айтты. «Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күресте көз жұмды», – деп жазды облыс әкімі Амандық Баталов Facebook-тағы парақшасында. Айта кетейік, Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы Шығыс Қазақстан облысында өмірге келген. 2019 жылдың 23 мамырынан бастап Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарады.