Алматыда 11-12 шілдеде қоғамдық көліктер жүрмейді

Алматыда 11-12 шілдеде қоғамдық көліктер жүрмейді

«Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты демалыс күндері, яғни 11-12 шілдеде қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады», – деп хабарлады Алматы қаласының көлік холдингі.
Алматыда дүйсенбі, яғни 13 шілде күні автобустар жұмысы қайта жанданады. Айта кетейік, шектеу шаралары аясында қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа қысқарды. Яғни автобус, троллейбус маршруттары мен метро таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жүреді. Коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілді.