Тоқаев халық үрейленіп, өзіне керек емес дәріні сатып алып жатқанын айтты

Тоқаев халық үрейленіп, өзіне керек емес дәріні сатып алып жатқанын айтты

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері талқыланды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек», – деп жазылды Ақорданың Twitter-інде.
Бұған дейін еліміздің барлық өңірінде дәріханаларда дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған жағдайда хабарласуға болатын телефон нөмірлері жариялаған болатынбыз.