Президент науқастарды аман алып қалу үшін тағы қанша миллиард бөлінетінін айтты

Президент науқастарды аман алып қалу үшін тағы қанша миллиард бөлінетінін айтты

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері талқыланды.

«Қ.Тоқаев: Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету», – деп жазылды Ақорданың Twitter-інде.
Бұған дейін Президент халық үрейленіп, өзіне керек емес дәріні сатып алып жатқанын айтқан болатын.