Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды.
Ақорданың мәліметінше, Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.
Еңбек жолын 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.
2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016);
VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018).
2018 жылдың ақпанынан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. «Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.