Бүгінде білім берудің сапасын арттыруға жоғары талаптар қойылып отыр. Соның бірі – ағылшын тілін оқыту.
Ағылшын тілі – әлемдегі ең көп тараған, қолданыс аясы кең тіл әрі Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, Австралия және тағы басқа елдердің ресми тілі болып саналады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде шет тілдерін оқыту – заман ағымына сай қажеттілік. Сондықтан оқу орындарында оқушыларды сөйлеуге, оқуға және жазуға бейімдейді. Шет тілін меңгерген оқушылар өзіне қажет ақпаратты сол тілде ала алады.
Ағылшын тілін оқыту үшін оқушылар ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсінуі тиіс. Ол еркін сөйлеуге дағдыландырады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну – өте күрделі психикалық әрекет. Түсіну, қабылдау, салыстыруға жүйелі жаттығу керек. Ағылшын тілін оқыту мұғалімдердің тек қана сабақ беру емес, оқушылардың тіл меңгеру артықшылығымен жұмыс істеу деген сөз.
Бұрын оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болса, бүгінде өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Ал мұғалім – білім дәнін себетін білікті маман. Өйткені олар оқушыға білімнің қасиетін ұғындырады, жол көрсетеді. Сондықтан ұстазды ұмытпау һәм ұлықтау – парыз.
Жарқынай ҚОЙШЫҒҰЛОВА,
Б.Кейкиев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Жамбыл облысы