Күйзелістен жүйке ғана емес, тіс те құриды

Күйзелістен жүйке ғана емес, тіс те құриды

Осындай тұжырымға Цюрих университетінің швейцариялық ғалымдары келді. Олардың мәлімдеуінше, күйзеліс жүйкені ғана емес, тістің саулығына да кері әсерін тигізеді. Бұл жайында belnovosti.by жариялаған еді.

Осыған дәлел ретінде сарапшылар тәжірибе жүргізді. Ол үшін 50 студентті екі топқа іріктеп бөлген. Бірінші топтағы студенттер бір ай бойы емтиханға дайындалды. Ал екінші топтағы еріктілер әдеттегідей өмір сүрді.
Тәжірибе нәтижесі бойынша, бірінші топтағы студенттің көпшілігінің тісі нашарлап, алтауының иегіндегі қызыл ет қабынған. Ал екінші топтағы студенттердің тістерінде ешқандай өзгеріс байқалмаған.
Ғалымдардың түсіндіруінше, күйзеліске ұшырағанда адам тісін еріксіз жиі қайрайды екен. Одан тіс эмалі жарылып, қабынып кетеді. Мұның бәрі тісті зақымдап, ауыз қуысының бұзылуына әкеледі.