Nur Otan партиясы атынан Жітіқара аудандық мәслихатының депутаттары Гүлсара Жаманқұлова мен Серік Мұтлапов «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Забеловка ауылындағы сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын бақылап қайтты.
– Қостанай облысы бойынша ауылдағы ағайынды таза ауызсу мен сапалы тіршілік көзімен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Жыл соңына дейін өңірдегі 11 ауылдағы нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. 6 ауылда ауызсу алғашқы рет беріледі. Барлық құрылыс жұмысы партиялықтардың бақылауында болады, – дейді мәслихат депутаты Гүлсара Жаманқұлова.
Забеловка ауылындағы сумен қамтамасыз ету құрылыс жобасы – халық қалаулылары мен атқарушы биліктің назарында. Бұған дейін депутаттар жобаның іске асу барысын бағамдаған еді. Телім шеберінің сөзінше, аталған нысанды уақытынан тапсыру жоспарланып жатыр.
– Бүгінгі күні барлық жоспарланған жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Магистральді желі 100 пайыз тартылды. 120 дан астам үйге су құбыры үйлеріне өткізілді, – дейді телім шебері Қапез Жақыпов.
Арнайы мониторингтік топ ереже бұзушылықтар мен олқылықтар таппады. Дегенмен аталған нысан толық тапсырылғанша, комиссияның бақылауында болмақ.