Жаңалық ашқан жастарға 27 млн теңге қаржы таратылды

Жаңалық ашқан жастарға 27 млн теңге қаржы таратылды

«Зерен-2019» лагерінің үшінші кезеңі қорытындыланды.

Үш кезеңнен тұратын ауқымды шараға 600 жас дарын қатысты. Қазақстаннан басқа ТМД елдері мен жақын шет елдерден гранттан үмітті жастар келді.
Дәрістер мен семинарлардан тұратын лагерь бағдарламасы 2 блоктан тұрды. Алдымен қатысушылар білімін шыңдап, білікті коучтердің дәрісін тыңдады. Кейін әлеуметтік бизнес-жобаларды жасайтын тәжірибелік шараларды іске асырды. Айта кетейік, қатысушылар келесі төрт бағыттағы жоба бойынша жұыс істеді: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа.
Әр ауысымда дарынды жастар қазылардың талқысына өздерінің бірегей жобаларын ұсынды. Үшінші маусымның жеңімпаздары 30 шілдеде анықталып, «Зерен-2019» Республикалық білім беру жастар жазғы лагерінің соңғы маусымын жапты.


Үшінші маусымның жеңімпаздары:
«IN DATA» командасы – «Biz map» жобасы.
«UmitApp» командасы – «Round up» жобасы. Жоба әмбебап дүкендер желісін қатыстыра отырып, қайырымдылық қорына қаржы тартуға бағытталған.
«Happy project» командасы – «Be my friend» жобасы.
«ZhanAru» командасы – «CityBox» жобасы. Бұл жоба қоқысты бөлек-бөлек жинайтын автоматтандырылған жүйені жасауға арналған.
«Healthy Life» командасы – «Magic hands» жобасы.


Үшінші маусымның жобалары:
«Easy Kazakh» – цифрлы сегментте қазақ тілін дәріптеуге бағытталған әлеуметтік-коммерциялық жоба. Жобаның арқасында «Easy Kazakh-қа» шетелдік аудитория тартылады және қазақ тіліндегі оқу материалдарының тиімділігі мен сапасы артады.
«ZhanAru» – қоқысты бөлек-бөлек жинайтын CityBox автоматтандырылған жүйесін жасау.
«GreenIT» – атмосфераны ластайтын заттардың шығу көлемін есептеуге арналған бағдарламаны жасау.
«Influx» – ауаны тазалауға және сүзуге арналған энергиялық тиімді құрылғы жасау.


Лагерьдің салтанатты түрде жабылуымен құттықтауға Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келді. Ведомство басшысы жастардың дайындық деңгейіне, ой өрісіне және өз саласындағы біліміне сүйсінетінін жеткізді. 
Лагерьдің үш ауысымы да шілде айында өтті. Бірінші ауысым 3-11 шілде аралығында, екінші ауысым 13-21 шілдеде, үшінші ауысым 23-31 шілде аралығында өтті. Осылайша, әр ауысымда лагерьге Қазақстан, Иран, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен 200 қатысушыдан келіп, Зеренді курорттық аймағында естен кетпес тоғыз күнін өткізді.

1 ай ішінде қатысушылардың 15 үздік жобасы анықталды. «Зерен-2019» лагерінің үш ауысымындағы жалпы жүлде қоры 15 млн теңгені құрады, одан бөлек, кәсіпкерлер 12 млн теңге бөлді.
Күн сайын зерендіктердің алдында танымал спикерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақстан вице-премьері Гүлшара Әбдіхалықова, Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президенттің кеңесшісі, саясат және қоғам қайраткері Ерлан Қарин, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтандағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов, Kusto Group-тың негізін қалаушы және қосалқы иесі Еркін Тәтішев, қазақстандық әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, Қазақстандағы ең ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы, кәсіпкер Тимур Құдайбергенов және тағы басқалар болды.
Зерендіктер бүкіл уақытын жобаларды жасап, оны жүзеге асыруға ғана жұмсаған жоқ. Жастар күнделікті таңғы сағат 7-8 аралығында белсенді спортпен айналысып, командаралық спорт сайыстарына қатысты. Қатысушылардың ең сүйікті сәттерінің бірі – FireTime (алау маңындағы кездесу) уақытында ынталандырушы спикерлер жастарға тәлім беріп, оларды жаңа идеяларға шабыттандырды және өздеріне деген сенімдерін арттырды. Одан бөлек, қатысушылар бос уақытында тауға шығып, Ақмола облысының көркем табиғатымен танысты және Зеренді көліне шомылды. 27 шілдеде зерендіктер, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұйымдастырған «Бірге – таза Қазақстан» ауқымды экологиялық челленджіне атсалысып, лагерь аумағын тазалады.
2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланғанын естеріңізге саламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл еліміздегі жастардың дамуына және жас қазақстандықтардың қажеттіліктерін шешуге арналған нақты қолдау құралдарын құруға бағытталады. 
«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылды. Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.