Ел аумағында әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, жеке вагон қосу қымбат.
– Бірден айту керек, әйелдерге арналған жеке вагондар болмайды. Келешекте купелер болуы мүмкін. Жеке вагонды іске қосу – өте қымбат болатын шығар. Талай жылдар өткеннен кейін болмаса, дәл бүгін ондай жоспар жоқ, – деді.