Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау дерегіне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. Түзету мекемесінің 5 қызметкері ұсталды. Бірқатары жұмыстан босатылды. ІІМ-ге түзету мекемесін жаңғыртуды тапсырдым. Азаматтық бақылауды күшейту қажет», – деп жазды.